Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алда ҰҚШҰ бірлескен бітімгерлік контингентін елден шығару жұмыстары басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Ертең ҰҚШҰ бірлескен бітімгерлік контингентін елден шығару жұмыстары басталады. Мен тиісті мемлекеттердің басшыларымен сөйлестім. Осы сәтті пайдаланып, осы бірнеше күнде жүргізген ауқымды жұмыстары үшін контингенттің басшылығына алғыс айтамын. ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің Қазақстанға, соның ішінде Алматыға келгені жалпы еліміздегі жағдайды тұрақтандыруда үлкен рөл атқарды. Бұл әрекеттердің лаңкестер мен содырлардың агрессиясын қайтаруда үлкен психологиялық маңызы болғаны сөзсіз. Миссия өте сәтті өтті. Менің әріптестеріме Ұйымға мүше елдердің басшыларына үлкен алғыс білдіремін», - деді Президент.
Сондай-ақ, Үкіметтік комиссия мен жергілікті әкімдікке бірлесіп қысқа мерзім ішінде барлық аймақтағы нысандарды қалпына келтіруге, үздіксіз транспорт жұммысын қамтамасыз етуге, азық-түлікпен қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнес нысандарының жұмысын жандандыруға күш салу тапсырылды.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.