$ 494.87  520.65  4.91

Жамбылда тағы 26 адам ұсталып, қару-жарақ тәркіленді

Жалпы, облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың саны шамамен 2000 мыңға жуық.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Жамбыл облысында кеше түнде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тағы 26 адам ұсталып, олардан 13 қару-жарақ табылды. Ол бойынша қазір 11 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жедел-іздестіру шаралары барысында ҚР ҰҚК облыстық департаментінің қызметкерлері ұсталғандардан 7 Калашников автоматы, 3 пулеметтік тапанша, 3 пышақ, 100 оқ-дәрі тәркіленді. 

Жалпы, облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың саны шамамен 2000 мыңға жуық.

 Бүгінде оның 400-ге жуығы полицияға жеткізілді. Бүлік кезінде 287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42-адам ауруханаға жатқызылған. 

Жедел операциялар нәтижесінде ұсталғандардың 31-і соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардан 97 бірлік қару-жарақ тәркіленді. 

Олардың 142-іне әкімшілік іс қозғалған (110 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 9-ына айыппұл салынып, 23-іне ескерту берілген).
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары