13.01.2022, 01:29

Тоқаев мемлекеттің басты міндеттерін атады

Фото: tengrinews.kz
Мемлекет басшысы Үкімет ұлттық валютаның тұрақты бағамын қамтамасыз етуге басымдық беруі тиіс екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басты міндеттерін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Президент Twitter желісінде жазды.   "Мемлекеттің басты міндеті – отандастарымыздың игілігі мен тұрмыс сапасын қамтамасыз ету. Әділ бәсекені дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік қолдау шараларының  ашықтығы – жаңа экономикалық бағыттың негізгі қағидалары", - деп жазды ол.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкімет ұлттық валютаның тұрақты бағамын қамтамасыз етуге басымдық беруі тиіс екенін айтты.

"Теңгені бекемдемей және инфляцияны төмендетпей, орнықты экономикалық өсімге қол жеткізу, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, инвесторлардың сеніміне ие болу мүмкін емес", - деп жазды Тоқаев.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.