$ 494.87  520.65  4.91

Әлихан Смайылов шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен сөйлесті

Мансур бен Заид Әл Нахаян қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтып, барша Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов БАӘ Премьер-министрінің орынбасары – Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен сөйлесті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

БАӘ Премьер-министрінің орынбасары – Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаян Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. Мансур бен Заид Әл Нахаян қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтып, барша Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі. 

Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға әзір екендіктерін білдірді.  2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ҚР мен БАӘ арасындағы өзара сауда көлемі $673,7 млн құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен шамамен 50%-ға артық және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден едәуір асып түсті. Қазақстанда әмірліктер капиталының қатысуымен 300-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 

Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында Біріккен Араб Әмірліктерінің ҚР экономикасына тікелей инвестиция көлемі $2,4 млрд құрады, ҚР-ның БАӘ-ға салған инвестиция көлемі $1 млрд асты. 

Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов БАӘ ҚР-ның араб әлеміндегі маңызды сауда-экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Биыл Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады. 

Cондай-ақ, премьер-министр Әлихан Смайылов Түркия Республикасының Вице-президенті Фуат Октаймен де телефон арқылы сөйлесті.

Түркия Республикасының Вице-президенті Ф. Октай Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады. 

Ф. Октай қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Түркияның Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Түркия Республикасы – Қазақстанның сенімді әрі стратегиялық серіктесі. Қазақстан Үкіметі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады, – деді Әлихан Смайылов. 

Түркия – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптесі. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $3,74 млрд құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 32%-ға артық және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден анағұрлым асып түседі. ҚР Тәуелсіздік жылдарында Түркия Қазақстан экономикасына шамамен $5 млрд инвестиция салды, ҚР-ның ТР-ға салған инвестиция көлемі $1,1 млрд құрады.

Биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары