18.01.2022, 19:20

«Президент Тоқаев Nur Otan басшысы болып сайланады» - Назарбаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда толық билікке ие

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Nur Otan партиясының басшысы болып сайланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда толық билікке ие екенін атап өтті.

«Ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Жақында Президент Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитада ешқандай дау-дамай, текетірес жоқ», - деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев элитадағы текетірес немесе жанжал туралы қауесеттердің мүлдем негізсіз екенін айтты.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.