$ 443.85  474.3  4.8

Елорда әуежайында митингке қатысқан 2 күдікті ұсталды

Демонстрациялық әрекеттер мен бұзақылықтарға қатысқандығын растайтын бейнежазбалар табылды.

16 қаңтарда «Нұр-Сұлтан» Шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері елорда әуежайынан Ресейге кетіп бара жатқан Қазақстанның 2 азаматын ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлайды.

Олардың жүгі мен қол жүгін тексеру барысында пышақтар, кастеттер мен кісендерден тұратын суық қару түрлері табылды. Тексеру барысында олардың ұялы телефондарынан Алматы қаласындағы митингтерге, демонстрациялық әрекеттер мен бұзақылықтарға қатысқандығын растайтын бейнежазбалар табылды.

Ұсталғандар әрі қарай жауапкершілікке тарту үшін полицияның желілік бөлімінің қызметкерлеріне берілді.

Бұдан басқа, «Ташкент–Нұр-Сұлтан» қатынасындағы халықаралық рейсті рәсімдеу кезіндегі паспорттық бақылау жұмысының нәтижесінде жалған төлқұжаты бар Тәжікстан азаматы анықталды, ол шекараны заңсыз кесіп өту мақсатында құжаттағы өзінің анықтамалық деректерін әдейі өзгерткен. Мемлекеттік шекара бұзушы келген жағына қайтарылды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары