$ 494.87  520.65  4.91

Ерлан Қарин маңызды мәлімдеме жасады

Оның айтуынша, 20 желтоқсанда Қазақстан аумағына бір топ шетелдік азамат келіп, 7-8 қаңтарда елден шықпақ болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандағы арнайы қызметкерлер елдегі тәртіпсіздіктерге радикалды және экстремистік ұйымдардың мүшелерінің қатысы барын анықтады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды bugin.kz. 

Қариннің айтуынша, 20 желтоқсанда Қазақстан аумағына бір топ шетелдік азаматтардың келуі тіркеліп, олар 7-8 қаңтарда елден шықпақ болған.

«Сонымен қатар біздің арнайы қызметкертер еліміздің ішінде әрекет еткен бірқатар радикалды және экстремистік ұйымдар мүшелерінің қақтығыстарға қатысу фактілерін анықтады.

Шетелдік террористік ұйымдардағы қазақстандық радикалдар бұл оқиғаларды пайдаланып, жаңа шабуылдар жасады. Біздің арнайы қызмет бұл әрекеттерді дер кезінде басып үлгерді», - дейді Қарин.

Президентінің кеңесшісінің айтуынша, елдегі тәртіпсіздікті сот экстремистік деп таныған ұйымдардың бірі ұйымдастырған болып шықты.

«Сот экстремистік ұйым деп таныған ұйымдардың бірі осы тәртіпсіздіктерді, атап айтқанда, әкімшілік ғимараттарды басып алуды жүзеге асырған», - деді ол.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары