$ 498.34  519.72  4.85

«Біздің олигархтар өзінің капиталын билікке жақындығын пайдаланып жасаған» - Ерлан Сайыров

Тоқаевтың «Мен үшін мемлекет мүддесі кіммен болмасын жақсы қарым-қатынастан жоғары» деген қағидасы әрбір азамат, мемлекеттік қызметкер, бизнесмен, зиялы қауым өкілі үшін ең басты императив болуы тиіс.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келелі кеңес өткізіп, өзекті мәлелерді көтеріп, маңызды мәлімдемелер жасады. Соған орай саясаттанушылар, зиялы қауым мен қоғам белсенділері түрлі пікір білдіруде. 

Саясаттанушы Ерлан Сайыров та желіде Президент қозғаған бірқатар мәселелер туралы ойын ортаға салды. 

Тоқаевтың «Мен үшін мемлекет мүддесі кіммен болмасын жақсы қарым-қатынастан жоғары» деген қағидасы әрбір азамат, мемлекеттік қызметкер,  бизнесмен, зиялы қауым өкілі үшін ең басты императив болуы тиіс дейді ол. 

«Әр адам кіршіксіз таза болуы керек. «Жаңа Қазақстанның»  моральдық түп-тамыры осы принциптен басталары сөзсіз. Бұл принцип жалпыға бірдей моральдық-рухани  ереже болуы шарт»-деп жазды саясаттанушы. 

Оның айтуынша біздің елдегі олигархиялық топтар өзінің капиталын  билікке жақындығын, шешім қабылдау тетіктеріне жақындығын пайдала отырып жасаған.

«Өте бай азаматтар, компаниялар шетелде де бар. Бірақ олардың табиғаты бөлек. Мысалы М. Цукерберг, Б.Гейтс, И.Масклер өздерінің өнімдерін шығарып, технологиялық жаңалық ашып, әлемнің өмірін өзгерте отырып байлыққа кенелген азаматтар. Олардың барлығы, айналаға, қоршаған ортаны қорғауға, адамзаттың өмірін өзгертуге қыруар қаржы жұмсайды. Яғни, меценат, филантроптар. Ал біздегі олигархиялық топтар біздің халықтың ондаған жылдар бойы бірігіп салған завод-фабрикаларын, кезінде салынған элеватор-порттарды "көрсоқыр жекешелендіру" кезінде, коррупция арқылы жекешелендіріп алған. Көбінесе, мұнай, металды шетке сатумен айналысады. Ал, мұнай мен металдың өзі жалпы халықтың игілігі. Мәселе осында. Сондықтан, біздің халық " әлеуметтік әділеттілік" мәселесін жиі қозғайды. Әрине, "бес саусақ бірдей емес" бизнесмендердің ішінде де патриоттар бар. Міне, осы патриоттар жаңа үлгі, жаңа бағыт көрсетуі керек»-дейді Сайыров. 
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары