$ 449.58  486.94  4.86

«Пандемия «Бір белдеу – бір жол» бастамасының өміршеңдігін көрсетті» – Тоқаев

Шара барысында ҚР Президенті «Қытай мен Орталық Азия халықтарының достығы» форумын өткізу бастамасына қолдау білдірді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде «Бір белдеу – бір жол» жобасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Созылмалы пандемия жағдайында «Бір белдеу – бір жол» бастамасы өзінің сұранысқа ие екенін көрсетті. Бүкіл әлем осынау ауқымды жобаның жемісін сезінді. Белдеу мен жолды әрі қарай да бірлесіп салудың жұмыстарын белсендендіру маңызды деп есептеймін. Оның ішінде қосылған құн салығы жоғары өнім шығаруға бағытталған ірі жобаларға көңіл бөлу қажет», -деген Президент бұл негізінен цифрландыру, жасыл технология және инновациялар саласына қатысты екенін ескертті.

«Бұл салаларда Қытайдың табысы айқын көрініп отыр. «Бір белдеу – бір жол» бастамасының негізгі буыны болып саналатын Қазақстан Қытай көшбасшысы мәлім еткен әріптестіктің жаңартылған өлшемдерін жан-жақты қолдайды. Яғни жобалардың жоғары стандарттары мен ұзақ мерзімділігін, әлеуметтік бағдарлануын қолдайды», - деді Мемлекет басшысы.

Шара барысында ҚР Президенті «Қытай мен Орталық Азия халықтарының достығы» форумын өткізу бастамасына қолдау білдірді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысуда. Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысып отыр.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары