Саясат 25.01.2022 сағат 16:20

Президент «Қаңтар қасіреті» жайында: Ұлт ретінде осынау қайғылы оқиғалардан сабақ алдық

ҚР Президенті қазіргі уақытта елімізде мемлекеттік басқаруды, ұлттық қауіпсіздік және экономикалық саясат жүйесін қайта форматтау мен реформалау қарқынды жүргізіліп жатқанын баса айтты.
Президент «Қаңтар қасіреті» жайында: Ұлт ретінде осынау қайғылы оқиғалардан сабақ алдық
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтарда орын алған қайғылы оқиғалардан ұлт ретінде сабақ алғанымызды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз де білетіндей, қаңтардың алғашқы күндерінде Қазақстан терроршылар мен содырлар тарапынан өзінің өрескелдігі мен зұлымдығы тұрғысында теңдессіз озбырлығымен бетпе-бет келді. Қазақстандықтар Қытай және бауырлас Орталық Азия елдері тарапынан қолдауды ризашылықпен қабыл алды. Мемлекет ретінде, ұлт ретінде біз осынау қайғылы оқиғалардан қажетті сабақ алдық және тез арада қалыпқа келетіндігіміз сөзсіз», - деп атап өтті Мемлекет басшысы «Орталық Азия - ҚХР» саммитінде.

ҚР Президенті қазіргі уақытта елімізде мемлекеттік басқаруды, ұлттық қауіпсіздік және экономикалық саясат жүйесін қайта форматтау мен реформалау қарқынды жүргізіліп жатқанын баса айтты.

«Осылайша, біз жаңа Қазақстанды құруды бастап кеттік»,- деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар