27.01.2022, 12:40

Байбек Nur Otan съезінің күн тәртібін жариялады

Фото: ашық дереккөз
Бұған дейін партияның кезектен тыс съезі онлайн форматта 28 қаңтарда өтетіні хабарланған болатын.

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның кезектен тыс съезінің күн тәртібін жариялады.

"Nur Otan Саяси кеңесінің қаулысымен (Жарғының 9.4. тармағына сәйкес) партияның кезектен тыс XXI съезінің күн тәртібі бекітілді: 1. Партия төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы", - деп жазды Байбек Twitter-де.

Бұған дейін партияның кезектен тыс съезі онлайн форматта 28 қаңтарда өтетіні хабарланған болатын.