27.01.2022, 16:40

Құрмет Талапқазы Ұлттық кеңеске мүше болуы мүмкін

Фото: ашық дереккөз
Қуаңшылық кезінде халыққа жанашырлығымен елдің ықыласына ие болған Құрмет Талапқазы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринмен жүздесті.

Қуаңшылық кезінде халыққа жанашырлығымен елдің ықыласына ие болған Құрмет Талапқазы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринмен жүздесті, деп хабарлады turkystan.kz. Кездесу Алматы қаласында болған.

«Алматыда қазақтың мықты жас жігіттерімен кездестім. Жаңа Қазақстанды құратын осындай мемлекетшіл және жасампаз жаңа толқын» деп жазды Ерлан Тынымбайұлы әлеуметтік желіде.

Тағы оқыңыз: Бейбіт күннің батыры – Құрмет

Осыдан кейін интернетте Мемлекеттік хатшының ресми аккаунты белгіленген жазбалар пайда болды. Онда Құрметтің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне мүше болатыны жайлы жазылған. Ерлан Қариннің мұндай пікірді жоққа шығармағанына қарағанда, Құрмет Талапқазыны Ұлттық кеңестің алдағы отырыстарында көріп қалуымыз әбден мүмкін.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.