27.01.2022, 20:29

Премьер-министр үкіметке азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуді тапсырды

Фото: tengrinews.kz
Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған.

Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң жобасын әзірлеу мәселесі бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған.

18 заңнамалық актіге, яғни 7 кодекс пен 11 заңға түзету енгізу жоспарланған. Үкімет басшысы заң жобасын биыл 4 ақпанға дейін премьер-министр кеңсесіне енгізуді тапсырды.

"Заң жобасын талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды тапсырамын", -  деді Ә. Смайылов.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.