«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі жұмысын бастады. Оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді.», - делінген ҚР Президенті баспасөз қызметінің Twitter-де жариялаған ақпаратында.
Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының Төрағасы болып сайланды.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы партиясына төрағалық ету – аса жауапты жұмыс екенін атап өтті.
«Nur Otan» партиясына төрағалық ету – аса жауапты жұмыс. Осы міндетті атқаруды маған ұсынып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін», - деді Тоқаев.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі үш мәселе қаралады:
1. Партияның Төрағасын сайлау туралы;
2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.