$ 446.49  475.38  4.79

«Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз» - Қасым-Жомарт Тоқаев

ҚР Президентінің атап өтуінше, құзырлы органдар кінәлі адамды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізуде.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Лаңкестер мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Ақорданың Twitter-дегі парақшасы.

«Өздеріңізге мәлім, қаңтар айының басында халқымыз қайғылы оқиғаларды бастан өткерді. Өкінішке қарай, бейбіт митингілерді радикалды күштер өз мақсатына пайдаланып кетті. Лаңкестер мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Олар билікті басып алуға тырысты. Біз шұғыл шаралар қабылдап, лаңкестерге, қарақшыларға тойтарыс бердік. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қалпына келтірдік. Мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалдық», - деді Мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз: Президент Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды

ҚР Президентінің атап өтуінше, құзырлы органдар кінәлі адамды анықтап, жауапқа тарту үшін тергеу жүргізуде.

«Бұл жұмыс тек заң аясында жүзеге асырылатынына күмән болмауға тиіс. Бәрі Бас Прокуратураның және менің жеке бақылауымда болады. Адам құқығын міндетті түрде сақтаймыз»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, партия съезіндегі Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін ҚР Президенті баспасөз қызметінің Twitter-дегі парақшасында жариялануда.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары