28.01.2022, 16:00

«Nur Otan-ға одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге ораламыз» - Тоқаев

Фото: ашық дереккөз
Тоқаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы ретінде ол ашық және әділ саяси бәсекелестіктің кепілі болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясына одан әрі төрағалық етудің орындылығы туралы мәселе кейінірек талқыланатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Еліміз дамудың өте күрделі кезеңіне аяқ басқанын түсіне отырып, мен Nur Otan партиясын басқару ұсынысын ризашылықпен қабылдаймын. Бұл шешім партияны трансформациялау және бүкіл қоғамды топтастыру жөніндегі жұмысқа кірісуге дайын екенінен туындады", - деді Тоқаев Nur Otan съезінде.

Тағы оқыңыз: Президент Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды

Тоқаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы ретінде ол ашық және әділ саяси бәсекелестіктің кепілі болады.

"Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісілген іс-әрекетін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету.

Бұл жағдайлар, әрине, Президенттің кез келген партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақтауын білдіреді. Сондықтан, біраз уақыттан кейін, мүмкін жыл аяғына қарай, менің Nur Otan-ға одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге қайта ораламыз. Мемлекет басшысының теңдессіз мәртебесін саяси реформалардың ауқымды пакетінде түпкілікті бекіту қажет", - деп қосты Президент.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.