Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі өтті. Онда Мемлекет басшысы билеуші партияның төрағасы болып сайланды. Саясаттанушы Қазбек Майгелдинов ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Nur Otan партиясының басшылығына келуімен сапалы өзгерістер жүзеге асырылады деген пікірде.
Тағы оқыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев: Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді
«Тоқаев партия төрағасы және көшбасшысы ретінде Парламент және мәслихаттар депутаттарының қызметін бақылау және үйлестіру механизмін қолына алады. Бүгінде партия қатарында Парламент Мәжілісінің 76 депутаты, мәслихаттардың 2701 депутаты, сондай-ақ 671 ауылдық округ әкімі бар. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы атап өткендей, сайлауалды уәделердің орындалуына толық тексеру жүргізуі керек. Сондай-ақ, алдағы реформаларды сапалы заңнамалық қамтамасыз ету үшін Мәжілістегі партия фракциясы қайта жаңғыртылатын болады», - дейді ол.
Тағы оқыңыз: «Nur Otan-ға одан әрі төрағалық етуімнің орындылығы туралы мәселеге ораламыз» - Тоқаев
Сарапшының ойынша, Қ. Тоқаевтың партия басшылығына келуі партия идеологиясындағы түбегейлі өзгерістерді білдіреді.
«Сондықтан партияның Жарғысы өзгертіліп, кадрлық тазартулар, оның ішінде партияның Саяси кеңесінде де тазарту болады. Президент атап өткендей, Nur Otan – еліміздің басты саяси күші, ол мемлекетшілер партиясы болуы тиіс. Соның салдарынан өңірлердегі өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге партия мүшелерінің қатысуы күшейтіледі. Ол үшін мәслихаттарда Nur Otan депутаттарының жария рейтингі енгізілетін болады», - деді ол.
Тағы оқыңыз: «Д.Назарбаева, А.Мамин және Б.Байбектер тізімде жоқ»: Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
Майгелдинов жалпы, партия жүргізіліп жатқан саясаттың негізгі элементі саналатынын айтады.
«Бұл тиімді басқару арқылы елдің дамуына жаңа серпін бере алатын қуатты қоғамдық-саяси ресурс», - дейді сарапшы.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.