$ 444.22  476.38  4.82

«Содырлар Қазақстанға жұмысшы ретінде ұшып келген» - Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға шабуыл жасаған содырлардың жұмысшы атын жамылып келгенін айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға шабуыл жасаған содырлардың жұмысшы атын жамылып келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бұл адамдар материалдық құндылықтарға қызықпаған. Олар әкімшілік ғимараттарға жасалған шабуылдарды басқарды. Олар қылмыстық істерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты құжаттарға қызығушылық танытты. Бұл - мұқият жоспарланған әрекет. Сырттан келген содырларды тарта отырып, басқыншылық әрекет жасалды. Содырлардың әуежайды басып алу әрекетін ұйымдастырғанын байқаған боларсыздар. Қазір тергеу нәтижесі Орталық Азияның бір қаласынан келген азаматтардың әуежей арқылы өтуін қамтамасыз ету үшін басып алынғанын көрсетіп отыр. Олар - оқытылған жауынгерлер. Жұмысшы атын жамылып, шекара арқылы қалаға кіріп, операцияны басқарған", - деді Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары