$ 494.87  520.65  4.91

Лукашенко Қазақстандағы тәртіпсіздіктер үшін Польшаны айыптады

Ресей мен Белоаруссиядағы тәртіпсіздіктерді де Варшава ұйымдастырды.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Польшаны жылдар бойы ТМД елдеріндегі радикалды оппозицияны ресурстармен қамтамасыз етіп келгенін және Қазақстандағы бүлікте де қалыс қалмағанын айтып айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru-ға сілетме жасап.

Саясаткер әр түрлі мемлекеттер, соның ішінде Ресей мен Белоаруссиядағы тәртіпсіздіктердің артында Варшаваның тұрғандығын жеткізді және олар барлық жағдайда да қаржылық, техникалық инфрақұрылымдық жоспардың дайындап қойғанын айтты. 

“Ресейге іріткі салды. Жау деп тапты. Алайда Ресейді жеңбей тұрып Белоруссияны баса алмайды. Бірақ оларға Қазақстаннан не керек?”,-деп мәлімдеді Лукашенко.

Ол Польшаның бұл әрекетін 2020 жылы болған наразылық басып тасталғаны үшін кек алуға бағытталған деп түйіп, олардың билігінің іштей беларусь жерлеріне көз тігетінін жеткізді.

“Бірақ ең үлкен қорқыныш бұл емес.Варшава мемлекетті бұрын-соңды болмаған милитаризациялауды жүзеге асырды",-деді президент.

Алайда ол Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге поляктардың қатысы бар екеніне нақты дәлел келтірген жоқ.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары