$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл жоспарлы әрекет». Президент Тоқаев Алматыға жасалған шабуыл толқындары туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар мен қатысушыларды материалдық құндылықтар қызықтырмайтынын айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар мен қатысушыларды материалдық құндылықтар қызықтырмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бейбіт наразылықтардан бастап тәртіпсіздіктердің барлық кезеңі, шынында да, кісі өлтіру, тонау сияқты әрекеттер болды. Бәрі - кәсіби түрде ойластырған және орындалған тұтас операция. (...) Бейбіт демонстранттардың орнына бұзақылық жасаған, полиция қызметкерлеріне қарсы шыққан жастар келді. Содан кейін үшінші толқын қарақшылар, кісі өлтірушілер келді, олардың саны да өте көп болды. Ең бастысы, оларды кәсіби содырлар басқарды. Олар дайындықтан өтіп, жергілікті жерлерге жақсы бағдарланған", - деді Мемлекет басшысы "Хабар" телеарнасының журналистіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, олар құқық қорғау органдарының ғимараттары орналасқан жерін біліп, арнайы шабуыл жасаған.

Тағы оқыңыз: Мемлекеттік төңкеріс әрекетінің артында кім тұр? - Тоқаев жауабы

"Бұл адамдар материалдық құндылықтарға қызықпаған. Олар әкімшілік ғимараттарға жасалған шабуылдарды басқарды. Олар қылмыстық істерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты құжаттарға қызығушылық танытты. Бұл - мұқият жоспарланған әрекет. Сырттан келген содырларды тарта отырып, басқыншылық әрекет жасалды", - деді Тоқаев "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында.

Тоқаев содырлардың әуежайды басып алуды ұйымдастырғанына назар аударды.

" Содырлардың әуежайды басып алу әрекетін ұйымдастырғанын байқаған боларсыздар. Қазір тергеу нәтижесі Орталық Азияның бір қаласынан келген азаматтардың әуежей арқылы өтуін қамтамасыз ету үшін басып алынғанын көрсетіп отыр. Олар - оқытылған жауынгерлер. Жұмысшы атын жамылып, шекара арқылы қалаға кіріп, операцияны басқарған", - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары