Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында мәлімдеді.
«(...) Қазақстан Президенті қызметінде қанша болатынымды білмеймін, бірақ нақты білетінім Конституцияға сәйкес екі мерзімнен артық болмайды. Заңды, оның үстіне Конституцияны өзгерту болмайды», - деді Президент.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың маусым айында президенттік сайлауда жеңіске жетіп, Қазақстан Президенті болған. Сол кезде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен Тоқаевтың кандидатурасы үшін сайлаушылардың 6 миллион 539 мың 715 дауысы берілгенін хабарлаған. Бұл - дауыс берген сайлаушылардың 70,96 пайызы.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.