29.01.2022, 21:01

Тоқаев екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспейтінін мәлімдеді

Фото: ашық дереккөз
Заңды, оның үстіне Конституцияны өзгерту болмайды.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасының журналисі Вера Захарчукке берген сұхбатында мәлімдеді.

«(...) Қазақстан Президенті қызметінде қанша болатынымды білмеймін, бірақ нақты білетінім Конституцияға сәйкес екі мерзімнен артық болмайды. Заңды, оның үстіне Конституцияны өзгерту болмайды», - деді Президент.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың маусым айында президенттік сайлауда жеңіске жетіп, Қазақстан Президенті болған. Сол кезде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен Тоқаевтың кандидатурасы үшін сай­лау­шылардың 6 миллион 539 мың 715 дауысы берілгенін хабарлаған. Бұл - дауыс берген сай­лау­шылардың 70,96 пайызы.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.