Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа Алматы облысындағы православтық зиратты қиратқандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп хабарлайды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Үштөбе қаласындағы (Алматы облысы) православ зиратын қиратқан бұзақыларды заң жүзінде қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берілді", - деп жазды Президент Twitter-де.
Өз кезегінде Ерлан Тұрғымбаев аталған зиратты бүлдірген вандалдарды заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында іздестіруге тапсырма берді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы облысында вандалдар қиратқан зираттың видеосы пайда болды. Кадрлардан қабірлердің қазылғанын, олардың айналасында гүл шоқтары, кресттер мен қоршаулар жатқанын көруге болады.