$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Мемлекеттік хатшының өкілеттігіне өзгерістер енгізді

Мемлекет басшысының Жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мемлекеттік хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысының 25 қаңтардағы №787 Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерді де жүзеге асырады:

•    ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
•   саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
•    Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;
•    "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы:

•    ішкі саясат саласында Президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
• Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламентпен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста және халықаралық қатынастарда оның атынан өкілдік етеді;
•  Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.
•    қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді;
•    Президенттің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары