$ 494.87  520.65  4.91

Журналист митингтен кейін қызмет құнын көтеріп жіберген адвокаттарға шүйлікті

Адвокаттардың құны 800 мың теңгеден басталады екен. Ол мұндай көп ақша қарапайым халықта қайдан болсын.

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Facebook-тегі парақшасында жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қызмет ақысын тым көтеріп жіберген адвокаттарды сынға алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, тәжірибесі аз адвокаттардың құны 800 мың теңгеден басталады екен. Ол мұндай көп ақша қарапайым халықта қайдан болсын деп күйінді.

«Жекеме келіп түскен хаттардан байқағаным, шеруге шыққандар осы соңғы оқиғаға байланысты адвокат жалдап жатыр. Олардың құны аспандап кеткенін, қара халық ондай ақшаны тауып бере алмайтынын айтуда. Тәжірибесі аздардың құны – 800 000 теңгеден басталады. Арба сүйреген, көлік жөндеуші жұмысшылар мен күзетшілерде ондай ақша қайдан болсын?! Міне, біздің қасіретіміз! Ақша жасағыштар, «Біріккен елміз» деп ауыздарыңды толтырып айтпаңдаршы! Біріккен қазақ болсаңдар, ыңыршағы айналып жүргендерден ақша жасамаған болар едіңдер! Ешкімі жоқ жетімдер болса, көздері мөлиіп қамауда отыр. Олар амал жоқ, мемлекет ұсынған адвокатты алады. Айтарға сөзім жоқ» деп жазды әріптесіміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы