$ 447.4  477.55  4.76

Ерлан Қошанов Мәжіліс Төрағасы болып сайланды

Бұған дейін ол, яғни 2019 жылдан бастап Президент Әкімшілігін басқарған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұған дейін ол, яғни 2019 жылдан бастап Президент Әкімшілігін басқарған. Ал оған дейін 2 жыл Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарғаны бар. Кезінде премьер-министрдің кеңсесін, Азаматтық авиация комитетіне жетекшілік еткен.  
 
Бұған дейінгі 2016 жылдан бері Төменгі палатаның жетекшісі болған Нұрлан Нығматулин өз еркімен отставкаға берген болатын. Оның өтінішін Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған. 59 жастағы Нұрлан Зайруллаұлы мәжілістің 3 шақырымында төраға болып отырды. Үлкен саясаттағы жолын 90-шы жылдары Жастар саяси ұйымдары комитетін басқарудан бастаған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары