Алматы қаласының су жаңа әкімі Ерболат Досаев алғашқы жұмыс күнін полиция қызметкерлерімен кездесуден бастағаны белгілі болып отыр. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Досаев бүгін Полиция департаментіне барып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездескен. Қала басшысы өз кезегінде полиция қызметкерлеріне террористік акциялар кезіндегі қызметтері үшін алғыс білдірген.
Алайда Досавтың бұл жүрісі кейбір қоғам белсенділеріне ұнамай жатқанға ұқсайды. Олардың ойынша, су жаңа әкім ең алдымен бейбіт шеру кезінде қаза тапқандардың үйіне барып, көңіл айтуы керек еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Мәселен, қоғам белсендісі Мұрат Әбенов Досаевтың полицияға алғыс айтуын үлкен қателік екенін атап өткен.
«Адамгершілік қайда? Қаралы Қантар құрбандарына , қақтығыс кезінде бейбіт шеруге шығып қайтыс болғандардың үйлеріне барып ағайындарына көңіл айтудын орнынаАлматының жаңа әкімі полициямен бірінші кездескені үлкен кателік. Қырық күні өтпей, қайғырып отырған адамдарға жылылық көрсетуге болады ғой алдымен. Ал жаңа әкім өз қызметін полицияға Қантар оқиғасына қатысты алғыс айтқаны мүлдем артық», - деп жазған өзінің facebook парақшасында.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.