Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Бейжіңге жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
"Ертең Мемлекет басшысы XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады", - делінген хабарламада.
5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму бағыттары талқыланады.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.