$ 444.22  476.38  4.82

Желіде қаңтар оқиғасы кезінде Дикий Арманды ұстаған ВИДЕО пайда болды

ІІМ мәліметінше, қылмыскерлер ұстау кезінде қарсылық танытқан.

Әлеуметтік желіде криминалдық авторитет Дикий Арманның Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған видеосы пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Арнайы операция Алматыдағы қонақүйлердің бірінде өтті. Тінту кезінде одан қару-жарақ табылды.

Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыда полицейлер Дикий Арман деген лақап атпен танылған Арман Жұмагелдиевтің ұсталғаны хабарланды. Кейінірек ІІМ криминалдық авторитеттің ұсталғаны жайлы толық мәлімет берді. Алматыдағы арнайы операциялар нәтижесінде Дикий Арман көш бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталды.

ІІМ мәліметінше, қылмыскерлер ұстау кезінде қарсылық танытқан. Ұсталған кезде күдіктілерден түрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автоматты тапанша, олардың оқ-дәрілері, суық қару мен брондалған автокөлік тәркіленді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Дикий Арман