$ 446.49  475.38  4.79

Президент Тоқаев Nur Otan партиясын жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Партия төрағасының айтуынша, ел азаматтарының талап-тілектеріне толық жауап беруі үшін партияны жүйелі түрде қайта құру қажет.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының Атқарушы хатшысын қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Ораловты қабылдады. Кездесу барысында Президент Nur Otan партиясын жаңғырту жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Партия төрағасының айтуынша, ел азаматтарының талап-тілектеріне толық жауап беруі үшін партияны жүйелі түрде қайта құру қажет. Сондай-ақ партия заманауи сын-қатерлерге төтеп беруге  және жедел әрекет етуге тиіс. 

Мемлекет басшысына партияның жұмысын қайта құру жоспары жөнінде мәлімет берілді. Асхат Ораловтың айтуынша, саяси ұйымның Орталық аппараты Мәжілістегі фракциямен бірлесе отырып, партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған жол карталарының жүзеге асырылуы бойынша жүйелі талдау жүргізіліп жатқанын баяндады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары