$ 494.87  520.65  4.91

Президент Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасайды

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының ортасында Қазақстан халқына үндеу жасайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Берік Уәли Мемлекет басшысы 11 қаңтарда Мәжіліс отырысында азаматтық қоғаммен және сарапшылармен арадағы диалог негізінде әзірленетін саяси реформалардың жаңа пакетін дайындайтынын мәлімдегенін еске салды.

"Осыған байланысты Мемлекет басшысы наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялауды жоспарлап отыр. Бұл үндеуде реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындалады", - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары