08.02.2022, 11:00

«Біздің органдар шеруге шыққан адамдарды жау есебінде көреді» – Дос Көшім

Фото: turkystan.kz
Өр­ке­ниетті елдерде полиция жиынға шыққан адам­дарды қорғайды.

Белгілі саясаттанушы Дос Көшім мұндай пікірді республикалық танымал басылымға берген сұхбатында айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Өр­ке­ниетті елдерде полиция жиынға шыққан адам­дарды қорғайды. Біздің полиция ке­рісінше жиынға шыққан адамдар­дан басқаларды қорғаймыз дейді. Өкінішке қарай, біздің органдар шеруге шыққан адамдарды жау есебінде көреді. Бұл – кеңестік кезден қалып қойған психология. Одан арылмай, алға баса алмасымыз анық. Бұл тұрғыдағы сауатымызды һәм көзқарасымызды дұрыс жолға қоймасақ, полиция мен халық бір-біріне өшіге береді. Кеңестің кезінен санамызға сең болып қатқан көзқарастарды өзгертпей, осындай нәзік мәселелерді сауатты деңгейге көтермей, қоғам тыныштығына кепіл болу қиын. Құқықтық құрылымдарды қарумен қамту, санын көбейту, оқытудан бұрын мамандардың ішкі психологиясын өзгерту керек. Өкінішке қарай, бізде осы менталитет өзгермей тұр. Және бұл мәселенің екі тарапқа да қатысы бар», – деді Дос Көшім.

                                                                                                                              

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.