Халық тығыз орналасқан өңірлердің жастарына қосымша мақсатты гранттар бөлінеді. Арнайы IT білім беру бағдарламалары шеңберінде кемінде 10 мың жас маман дайындалады, - деді Премьер-министр.
Сондай-ақ студенттерге жатақханалардан жаңадан 10 мың орын беріледі.
Жетекші ғалымдарды ғылыми қызметке қатысуға ынталандыру жалақыны базалық қаржыландыруға қосу арқылы қамтамасыз етіледі. Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға гранттар бөлінеді, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін 500 грант, постдокторантура мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға 1000 грант бөлінеді, - деді Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Үкімет басшысының сөзінше, басты мақсат – білім беру саласы экономикадағы кадрларға деген сұранысқа сай болуы керек.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы өңірлерге үздік мұғалімдерді тарту үшін барлық жағдай жасалатынын мәлімдеді.
Білім беру саласы бойынша биыл мектепке дейінгі ұйымдар қосымша ең кемі 30 мың жаңа орынмен қамтамасыз етіледі және 225 орта мектеп ашылады. Кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тарту үшін тиісті жағдайлар жасалады, - деп түсіндірді Әлихан Смайылов.
Президенттің тапсырмасына сәйкес, жастарға үздік жоғары оқу орындарында білім алу қолжетімді болуы үшін беделді шетелдік 5 университеттің филиалы ашылады.
Инженерлерді даярлауға арналған техникалық мамандықтардың гранттарының үлесі 40%-дан 60%-ға дейін ұлғайтылады, - деп толықтырды Премьер-министрі Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.