08.02.2022, 11:58

Мұқтаж адамдарға коммуналдық төлем құны жеңілдікпен белгіленеді

inbusiness.kz
Халықтың мұқтаж санаттарына коммуналдық төлемдер бағасы жеңілдікпен белгіленуі мүмкін. Оларды бөлек топқа жатқызу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметтің кеңестілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Халықтың мұқтаж санаттарына коммуналдық төлемдер бағасы басқаша белгіленуі мүмкін, - деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Оларды бөлек топқа жатқызу жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметтің кеңестілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.

"Тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыру және олардың инвестициялық бағдарламаларды іске асыруына бақылауды қамтамасыз ету жөнінде заңнамалық шаралар қабылданатын болады", - деді үкімет басшысы.

Оның айтуына қарағанда, су ресурстарына ұқыпты қарауды қалыптастыру және объективті ақы белгілеу үшін 2023 жылдан бастап суды тұтыну көлемі бойынша сараланған тариф енгізілетін болады.

Жиында премьер-министр Әлихан Смайылов елді дамыту үшін атқарылған шаралар мен үкіметтің алдағы жоспары туралы баяндады. Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.