$ 448.89  477.93  4.76

Президент «Самұрық-Қазына» басшылығына 10 күн уақыты қалғанын ескертті

Президент қор жұмысын реформалауда қандай мәселелерге басты назар аудару керектігін қайталап еске салды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын реформалау мәселесіне 10 күннен кейін қайта оралатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Самұрық-Қазына» қоры бойынша, реформаларды іске асыру жоспарын 10 күннен кейін қайта толығырақ талқылайтын боламыз. Ол реформалар өте маңызды. Мен Мәжілістің отырысында сөйлеген сөзімде қорды шындап қайта құрылымдау қажеттігіне баса назар аудардым», - деді Мемлекет басшысы.

Президент қор жұмысын реформалауда қандай мәселелерге басты назар аудару керектігін қайталап еске салды.

«Біріншіден, бұл, әрине, мемлекеттік сатып алудың ашықтығы. Бұл туралы мен осымен үшінші жыл айтып келемін. Әзірге шынайы өзгерістерге қол жеткізіле қойған жоқ. Онымен бірге бұл тендерді ашық өткізуге де байланысты. «Самұрық-Қазына» құрылыс және қайта жарақтау саласында ауқымды жұмыс атқарады. Әдетте белгілі бір компаниялар ғана тендерді ұтып, кейін жұмысты қосалқы мердігерлерге береді. Бұл, әрине, біріншіден, жұмыстың сапасына, екіншіден, баға өлшемдеріне қатты әсер етеді», -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары