Ұлттық энергетикалық желіні жаңғыртудың жаңа жобасы негізгі жобалардың бірі болуы керек. Бұл желілерге жаңа қуат көздерін қосу үшін қажет дүние. Оның ішінде жаңартылатын қуат көздері де бар. Атап айтсақ, қазірдің өзінде электр энергиясын өндіру және тұтыну балансының болжамына қарап отырып, елдің оңтүстігінде ірі қуат көзін іске қосу керектігі қазірдің өзінде байқалып отыр. Бұл мәселені жасыл технология есебінен шешу тиімді, - деді Сәтқалиев.
Ол АЭС-ті Қазақстанның оңтүстігінен салу тиімділігін айтты.
Күн тәртібінде жасыл технологиялар тұрғанын ескерсек, біздің көзқарасымыз бойынша атом электр стансасын Қазақстанның оңтүстігінде салу анағұрлым тиімді шешім болады, - деді Сәтқалиев.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.