Президент «Атамекен» ҰКП-ға мүшелік жарналардан босатуды тапсырды, деп хабарлайды informburo.kz.
Мемлекет басшысы отандық бизнес құрылымындағы шағын компаниялардың үлесі бүгінде 90 пайыздан асатынын атап өтті.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын реформалау кезінде оның қызметін шағын бизнесті қолдауға, қорғауға және дамытуға шоғырландыру қажет. Бұл ретте шағын бизнесті міндетті мүшелік жарналардан босату керек. Әлбетте, бұл өз бетінше жүзеге асатын дүние», – деді президент.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.