Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен 10-11 ақпанда Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев 10 ақпанда Мәскеуде Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Мемлекет басшылары кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму бағыттарын қарастырады", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы 11 ақпанда Қазанда Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесіп, республикадағы бірқатар ірі кәсіпорынды аралайды.