Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында қоғамды, азаматтарды толғандырып жүрген көптеген мәселелерге тоқталды.
Президент еліміздегі кедейшілік мәселесін ашық айтты.
Елімізде күн көріс дәрежесі төмен 1-млн жуық халық бар. Олардың әлеуметтік деңгейін көтеру ең басты мәселе болып табылады. Халықты сапалы, жоғары дәрежелі жұмыс орындарымен қамтамассыз ету де маңызды проблема.
Сонымен бірге Президент "Алтын-Орда" базарындағы заңсыздықтарды жоюға баса назар аударды.
Біздің елімізде заңнан тыс топтар мен азаматтар болмауы тиіс! Бұл базарда салықтан жалтару, санитарлық нормаларды сақтау заңсыз алым-салық жию фактілері өте көп! Осы базардағы былыш-шылықты тазалай отырып, мемлекетке келген шығынды өтеу мәселесі де өзекті!
Бұл проблема бойынша құқық қорғау органдарына нақты тапсырма берілді. Шет елге заңсыз шығарылған қаржыны іздеп, оны елге қайтару шаралары да өзекті. Халқымыздың еншісін елімізге қайтару мәселесі терең де, жүйелі жұмыстарды талап етеді. Дегенмен, бұл мәселені күн тәртібіне қоюдың өзі күш-жігерді талап ететіндігі анық.
Бүгінде шетке заңсыз шыққан қаржының сомасы 150- 200 млрд доллар деп есептелуде! "Қорғас" шекара бекетіндегі заңсыздықтарды тию жөнінде де қатал тапсырма берілді. 5,7 млрд доллар қолды болды деген күдік бар. Осы шығынды мелмекетке қайтарса, еліміздің көптеген әлеуметтік проблемалары шешілетіндігі анық.
Енді басты міндет қоғам, азаматтар, ел болып осы берілген тапсырмалардың уақтылы, сапалы орындалуына бақылау жасау.
Мұндай ашық, бүкпесіз әңгіме Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың халықтың мұң-мұқтажын орындауға дайын екендігін көрсетеді.
Әділеттілік, теңдік принциптері нақты орнығып келеді деп айтуға барлық негіз бар!
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыровтың facebook парақшасынан