10.02.2022, 18:09

Тоқаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезіндегі Ресейдің көмегін ерекше атап өтті

Сондай-ақ құрбандардың көп болғанынына алаңдайтынын айтып, барлық кінәлі адамның жазаланатынын мәлімдеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Владимир Путинмен кездесті.

Мемлекет басшысы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде болған қауіпті жағдайда Ресейдің көмегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ құрбандардың көп болғанынына алаңдайтынын айтып, барлық кінәлі адамның жазаланатынын мәлімдеді.

Ал Владимир Путин Қазақстанның халықаралық терроризммен бетпе-бет келгенін жеткізді.

"Біз қаңтар оқиғаларынан кейін алған рет кездесіп отырмыз. Сол кезде Қазақстан халықаралық бандалардың құрбаны болды. Бұл асыра айтқандық емес. Олар елдің ішкі жағдайын пайдаланып кеткісі келген", - деді Путин.

Оның айтуынша, жаңа жылдың алдындағы кездесу кезінде бәрі тыныш болды, трагедияның алғышарты болатындай жағдай байқалмады.