$ 444.22  476.38  4.82

Путин Тоқаевқа: Қазақстан сіздің басшылығыңызбен гүлденіп келеді

Бүгін Кремльде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Кремльде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Ресми кездесуде Ресей президенті Тоқаевқа Қазақстан гүлденіп келе жатқанын айтты, деп жазады baq.kz.

ТАСС Facebook парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің Кремльдегі кездесуінен видео таратты.

Біз Сіздермен жаңа жыл алдында кездестік, мұндай оқиғалардың боларын ешкім болжай алмайды. Бірақ, соған қарамастан, жағдай қалпына келтірілді. Өздеріңіз білетіндей, Ресей ҰҚШҰ тараптарының бірі ретінде Шарттың 4-бабына сәйкес Қазақстанға қолдау көрсетті. Бірақ, әрине, басты рөлді Қазақстан басшылығы, өз ісіне, антына және Қазақстан халқына берілген құқық қорғау органдары, қарулы күштер атқарды, - деді Путин.

Ол енді қаңтар оқиғасынан кейін елді қалпына келтіру үшін көп жұмыс атқарылуы керек екенін айтты.

Осы оқиғалар салдарынан қирағандардың бәрін қалпына келтіру үшін енді көп күш жұмсау керек екенін білемін, бірақ соған қарамастан Қазақстан Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында аяғына сенімді және нық тұрып, басшылығыңызбен гүлденіп келеді, - деді Путин Тоқаевқа.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары