Ресейлік компаниялардың Қазақстанға салған инвестиция 17 млрд доллардан асты. Бұл туралы Қазақстан Президенті ресейлік әріптесі Владимир Путинмен өткен кездесу қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына жасаған бірлескен мәлімдеме кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik.kz.
«Карантин шектеулеріне қара мастан, былтыр өзара сауда-саттықта ең жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Сауда көлемі 21 млрд доллардан асты. Ресей компаниялары Қазақстан экономикасындағы жетекші инвесторлардың бестігіне кіреді. Олардың жалпы салымы 17 млрд доллардан асты.
Ресей Қазақстандағы шетелдік капиталы бар компаниялардың саны бойынша көшбасшы болып саналады. Әрбір үшінші осындай компания ресейлік компаниялардың қатысуымен құрылған. Олардың жалпы инвестициялық протфелі бүкіл салаларда көрініс тапқан. Біз өндірістік колперацияны кеңейтудің келешегін талқыладық. Бұл бағытта біздің елдер 13 ірі жобаны аяқтады», - деді Президент.
Айта кетейік, Ресей Федерациясының астанасында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен РФ Президенті Владимир Путин келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысының Ресейге жұмыс сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылды.