$ 444.22  476.38  4.82

«Ресей Қазақстанмен әскери-техникалық ынтымақтастықты жалғастырады» – Путин

Ресей Қазақстанға Ресей қорғаныс министрлігінің және басқа да күш құрылымдарының жоғары оқу орындарында әскери мамандарды даярлауға әрі қарай көмектесе бермек.
icdn.lenta.ru
icdn.lenta.ru

Ресей Қазақстанмен әскери-техникалық ынтымақтастықты жалғастырады. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізгеннен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.kz.

"Ресей Қазақстанға Ресей қорғаныс министрлігінің және басқа да күш құрылымдарының жоғары оқу орындарында әскери мамандарды даярлауға әрі қарай көмектесе береді. Республика аумағында ресейлік әскери техникаға қызмет көрсететін лицензияланған өндіріс орындары мен сервистік орталықтарды құру бойынша жұмысты жалғастырамыз", - деп атап өтті Ресей басшысы қорытынды баспасөз конференциясында.

Путин Қазақстан мен Ресей интеграциялық ынтымақтастықты ең алдымен ЕАЭО аясында белсенді дамытып жатқанын атап өтті.

Оның айтуынша, Ресей Федерациясы мен Қазақстанды нағыз берік одақтастық және тату көршілік дәнекерлер байланыстырады, биыл дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары