Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Петербург Халықаралық экономикалық форумының басты қонақтарының бірі болуға шақырды.
«Келіссөздер барысында Қазақстан Президентін осы жылдың маусым айында болатын Петербург Халықаралық экономикалық форумына басты қонақтардың бірі ретінде қатысуға шақырғанымды атап өткім келеді», - деді Путин Ресей-Қазақстан келіссөздерінің қорытындылары бойынша журналистерге.
Ол өзінің әріптесі бұл шақыруды қабылдайтынына үміт білдірді.
«Біз Санкт-Петербургтегі форумда қазақстандық саясаткерлердің, бизнесмендер мен қоғам қайраткерлерінің қомақты делегациясын асыға күтеміз», - деді РФ Президенті.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.