11.02.2022, 10:20

Бейжің олимпиадасы: Бүгін жарыс жолына шығатын спортшылар кестесі

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Бұл жолы қазақстандық 8 спортшы бақ сынайды.

Ұлттық олимпиада комитеті Олимпиада ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қытайда Бейжің-2022 Қысқы олимпиада ойындары басталды. Биылғы олимпиада Ұйымдастыру комитетінің, Халықаралық олимпиада комитетінің және Қытай үкіметінің талабы мен ережелеріне сай қатаң түрде өтіп жатыр.

11 ақпан — жарыстың алтыншы күні. Бұл жолы қазақстандық 8 спортшы бақ сынайды.

Шаңғы жарысы. Ерлер. Бөлек стартпен жарыс. Классикалық стиль.

Виталий Пухкало және Евгений Величко

Басталуы: 13:00

Биатлон. Әйелдер. Спринт.

Галина Вишневская-Шепоренко.

Басталуы: 15:00

Шаңғымен секіру. Квалификация.

Даниил Васильев, Сергей Ткаченко.

Басталуы: 17:00

Шорт-трек. Ерлер. 500 м Алдын ала жүгіру

Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов және Абзал Әжғалиев

Басталуы: 17:12