$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев: «Әке туралы ой-толғау» кітабымның желісімен кино түсіруді ешкімге тапсырған жоқпын»

"Бұл – менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым" - Тоқаев
inform.kz
inform.kz

«Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әке туралы ой-толғау» кітабы желісінде кино түсіруге тапсырма бермегендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сұхбат барысында телеарна тілшісі: «Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің «Әке туралы ой-толғау» кітабыңыздың желісі бойынша бір продюсерлік орталық кино түсіргелі жатыр екен. Осыған қатысты не айтасыз?», - деп сұраған еді.

«Менің кітабымдағы оқиғалардың негізінде кино түсіргелі жатқанын оқыдым. Бұл туралы ешкімге ешқандай тапсырма берген жоқпын. Бермеймін де. Мұндайды қаламаймын. Бірақ, өзім жазған «Әке туралы ой-толғау» кітабынан бас тартпаймын, мазмұнды туынды деп есептеймін. Себебі, жастарға да пайдалы дүние. Бұл – менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым»,- деп жауап берді Мемлекет басшысы.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары