$ 444.32  473.33  4.76

«Елдің тұрмысын құрғақ сөзбен емес, нақты іспен көтеру керек» – Президент

Біз қоғамда еңбекқорлық идеясын орнықтыруымыз керек.
ашық дереккөзден
ашық дереккөзден

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың бойында қандай қасиеттің болуы керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбат барысында «Жұртымыздың қандай жақсы қасиеттерді бойға сіңіргенін қалар едіңіз?», -деген сауал қойылды.

«Бұл туралы мен жаңа да айттым. Дегенмен, бұл – өте маңызды мәселе, сондықтан қайталап айтайын. Біз қоғамда еңбекқорлық идеясын орнықтыруымыз керек. Турасын айтайық, бұл қазір ең өзекті мәселе болып тұр. Азаматтарымыз адал еңбекпен табыс табуды ең басты орынға қоюы қажет. Бақуатты ел болу биліктің жұмысына ғана емес, ол, ең алдымен, әрбір азаматтың еңбегіне байланысты. Елдің тұрмысын құрғақ сөзбен емес, нақты іспен көтеру керек. Біздің жастарымыз осыны айқын ұғынса деймін», - деп жауап берді Қ. Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, елдегі белгілі теріс факторларға қарамастан, тиімді, пайдалы жұмыс атқаратын мүмкіндіктер аз емес. «Жақсы мен жаман туралы ұлы Абайдан асырып ешкім айта алмас. Сондай-ақ ойшыл ақынның «талап, еңбек, терең ой, қанағат және рақым» деген даналығының да мәні зор. Бұл қағида бізге, әсіресе осы заманда ауадай қажет», - деді Президент.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары