Олар "Ресейдің Украинаға шабуылы" тақырыбын әлі де ақпараттық соғыста пайдалануды жөн көріп отырған секілді. Дегенмен, қазірден-ақ Батыс пен Ресей арасындағы текетіресті аяқталды деп алдын ала қорытынды жасауға болады, деп жазды Sputnik.kz РИА Новости.
Ресейге қарсы тарап бүгінде Мәскеу соғысқа дайындалып жатыр деп жариялап, соғыс күнін белгілеп, оны тоқтатуға тырысты. Алайда соғыс болмаған, яғни Ресейге соғыс даласына келмеген жағдайда, оны спорттағыдай техникалық емес, геосаяси жеңіліс тапты деп жарияламақ.
Бұл тұста батыс өзі ойдан құрастырған Ресей агрессиясына расымен сенді ме, жоқ бұл арнайы операция болды ма, ол маңызды емес.
"Қазір басқасы маңызды: батыстағылар Ресейді геосаяси қарсылықта жеңілді деп жарияламақ. Бұл қаншалықты сәтті болуы мүмкін? Ресейдің халықаралық беделі туралы айтсақ, "Батыс тежеген орыс агрессиясы" Ресейге еш әсер етпейді. Бұл ақпаратқа Қытай да, Үндістан да, араб әлемі де, тіпті Латын Америкасы да сене қоймасы анық. Сондықтан виртуалды әлемде ойдан шығарылған соғыс англосаксондарға оң әсер ептейді. Керісінше, оның жағымсыз тұсы көп", - деп жазылған РИА Новости ақпаратында.
Себебі агрессия туралы көрінеу жалған айыптау оны ойлап тапқандардың беделіне үлкен нұқсан келтіреді. Вашингтон мен Лондонның жаһандық ауқымда шу шығарып, Ресейді Украинаға қарсы соғысқа дайындалып жатыр деген айыптауы еш дәлел таппағандықтан, Мәскеу қасақана арандату және жалған ақпарат таратты деп айыптай алады. Өзін Ресейдің орнына қойып көрген кез келген мемлекет мұндай ауқымда "ақпарат террорын" ұйымдастырудың жолын кесу қажеттілігін анық түсінеді және осы ойды қолдайды. Яғни әлем бұрынғыдан да жылдам көпполярлы болуы керек.
Сонымен қатар бұл оқиға батыс қоғамының пікірін өзгертуге еш әсер етпейді. Америкалықтардың бір бөлігі Путинді Байден райынан қайтарғанына сенсе де, қарашадағы конгреске аралық сайлауда бұл демократтардың ахуалын оң бағытқа өзгертуге ықпал ете алмайды.
Ресейлік агенттік хабарлауынша, қауіпсіздік жөніндегі Америка-Ресей келіссөзі басталғаннан кейін "Украинаны қорғауды" демократтардың өзіне қарсы қолданып, бұл әрекет Ресей мен Қытайдың етене жақын қарым-қатынасына түрткі болды деп айыптауы ықтимал. "Ресей жеңілді" деген тезис ресейлік ішкі саяси аяда да қолданылуы мүмкін.
"Путин орыстардың ұлттық мүддесін қорғай алмады" деген сипаттағы айыптауларды 2014-2016 жылдары Ресей басынан өткізіп қойған-ды. Қазір де сол секілді "кері шегінді, Украинаны азат етпеді, Батыстың ықпалына көнді" деген айыптаулар болатыны анық. "Билік Батыс мүддесін қорғайды, себебі қаражаты, мүлкі, отбасы мен балалары шетелде жүр" деген сөзге әлі де сенетіндер жетерлік. "Ресей жеңілді" дегеннің тағы бір нұсқасы бар. Алайда ол біршама күрделірек. Мынандай сипатта болады. Орыстар соғысуды көздеген жоқ, олар англосаксондарға сес көрсетіп, Украинаны НАТО-ға қабылдамауға кепілдік беруі үшін қауіпсіздік туралы орындалмайтын талаптар ұсынды. Бірақ Байден мен басқалар Ресей ырқына көнбей, оған Украинаға қарсы операциямен қорқытты. Сондықтан Ресей өз жоспарынан кері шегінуге мәжбүр болды. Міне, алдағы уақытта осы бағыттағы мәлімдемелер жиілеуі мүмкін", - деп жазылған мақалада.
Қарашада қауіпсіздік кепілдіктері туралы ультиматум ұсынған Путин ауған оқиғасынан кейін Байден позициясының әлсіреуін, Германиядағы үкіметтің ауысуын немесе Францияда сайлау күнінің жақындауын басшылыққа алған жоқ. Ол Украина үшін күрестің ортақ стратегиясын негізге алды.
Ресей Украина үшін Зеленскиймен немесе украин олигархтарымен емес, Украинаны Ресейден ажыратуды көздейтін тараптармен күресіп келеді. Өйткені олар 1991 жылғы нәтижені стратегиялық, тарихи тұрғыда бекітуді орыс әлемі мен Еуропа арасындағы шекараны қайта қарау арқылы қарастырғысы келеді.
Ал Ресей үшін бұл жол берілмейтін іс-әрекет. Путин Батысқа жолдаған талап-ұсыныстарында осы туралы үнемі айтып жатыр. Батыс Путиннің Украинаны атлантизациялау, НАТО-ны шығысқа қарай кеңейту жоспарынан бас тартуға мәжбүрлеуіне алаңдап отыр.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.