$ 494.87  520.65  4.91

Ел тұрғындарының табысын арттыруға арналған арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Ел тұрғындарының табысын арттыруға арналған арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпараттық порталы.

Үкімет басшысының айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес тариф, көлік және логистика саласындағы табиғи монополистердің жұмысына да бақылау күшейтіледі.

«Кәсіпкерлікті дамыту Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасында айқындалған жаңа экономикалық бағыттың бірі. Жоспарда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнеске қатысты карантиндік шараны жеңілдетуді қайта қарады. Сондай-ақ тарифтерді, оның ішінде көлік және логистика саласындағы табиғи монополистердің қызметтеріне төмендету шарасы қабылданды», - деді Әлихан Смайылов елордада өтіп жатқан «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезінде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Үкімет қаңтар айындағы оқиғалар барысында шағын және орта бизнеске келген мүліктік зиянды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. «Халықтың табысын арттырудың арнайы бағдарламасы әзірленуде. Оның ішінде жұмыспен қамту ісін жалғастыру, индустриялық және ауыл шаруашылығы жобаларын іске асыру жоспары бар. Сонымен қатар өндірісті технологиялық жаңғырту, халық кірісіндегі теңгерімсіздікті теңестіру және адами капиталды дамыту жөніндегі шаралар жоспарланып отыр. Халықтың табысын арттыру үшін де, бизнесті табысты жүргізу үшін де инфляция деңгейін төмендету маңызды», - дейді ол.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы жаһандық пандемияға байланысты әлем елдерінде инфляцияның өсуі сақталып тұрғанын айтты.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары