$ 479.38  531.63  5.27

Премьер-министрдің сағатына қатысты ресми түсініктеме берілді

Онда сағаттың құны 5 не 8 мың долллар шамасында екені айтылған.
Фото: orda.kz
Фото: orda.kz

Күні кеше Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың сағаты туралы Kozachkov offside телеграм-арнасы ақпарат жариялады. Онда сағаттың құны 5 не 8 мың долллар шамасында екені айтылған.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне жақында ғана келген Руслан Желдібай Әлихан Асханұлының сағатына қатысты ресми түсініктеме берді.

«Кеше Telegram-каналдардың бірінде Әлихан Асқанұлы бағасы $5,000-8,000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазыпты.

Шынтуайтына келгенде, Премьер-Министрдің фотодағы сағатының моделі Jacques Lemans, бағасы шамамен $383 тұрады.

Сөзім дәлелді болу үшін фотоларды да жүктеп отырмын», – деп жазды ол өз парақшасында.

orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары